$ 448.89  477.93  4.76

Саакашвили қайта бостандыққа шықты

Киевте сот "Жаңа күштер қозғалысы" оппозициялық қозғалысының лидері және Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді үйқамаққа алудан бас тартты. Сот осылайша, прокуратураның Саакашвилиді үйқамаққа алу туралы өтінішін қабылдамай, саясаткерді сот залында босатты, деп жазады Азаттық.

Саакашвилиді "Ресеймен Украинаға қарсы астыртын сөз байласып, наразылық акцияларын ұйымдастырып отыр" деп айыптайды. Тергеу дерегі бойынша, саясаткер "Украинаның экс-президенті Виктор Януковичтің жақтастарының мүддесі үшін, елде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған".

Саакашвили бұл айыптарды теріске шығарады. 11 желтоқсан күні сотта ол өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі Ресей президенті Владимир Путинге "сыйлық" деп атады. Ол бұл іспен айналысушылардың бәрін "ФСБ агенті" деп атады

Сот шешімі шыққаннан кейін саясаткер "Оларға [прокурорлар – Ред.] мені Украина саясатынан алшақтату туралы тапсырма берілген. Бірақ мен халықпен тікелей байланысуға дағдыланғанмын әрі жалғастыра беремін" деп мәлімдеді. Грузия экс-президентінің жақтастары Киевте 17 желтоқсанда митинг өткізетінін жариялады.

Михаил Саакашвили 8 желтоқсанда Киевте ұсталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары