$ 494.87  520.65  4.91

Алматыға веложолдар не үшін керек?

Биыл Алматыда велосипедшілерге арналған арнайы жолақтар пайда болып, олардың көбеюі көпшіліктің көкейдегі сұрақтарына жауап іздетті. Алып шаһарда бар шаруасын автокөлікпен жүріп тындырмаса, жұмысы біте бермейтін алматылықтар үшін веложолдар жаңалық бола бастады.

Алматы тұрақты көлік жобасы аясында қоғамдық көлік саласына қатысты заң жобасы өзгеріп БРТ жəне ЛРТ жобалары жасалды, 10 шақырымдай веложол төселді. Автобустардың 44 пайызы газға көшті.

- Маған өкпелейтіндер көп. Неге велосипедшілердің аз екенін біле тұра, сонша веложол салдыңыздар дейді. Мен айтар едім. Алдымен жағдай жасау керек. Егер велосипедпен жүру қауіпсіз болмаса ешкім отырмайды. Алматы əкімдігі алған бағытынан қайтпайды. Өйткені бұл нəтижесін көрсетіп жатқан жоба-  деді əкім Бауыржан Байбек.

Қала басшысы бұл туралы Алматыда БҰҰ даму бағдарламасындағы «Тұрақты көлік» жобасының 6 жылда көрсеткен нəтижелері жариялау жиыны кезінде мәлімдеді.

Жиын барысында Алматы əкімі Бауыржан Байбек Тұрақты көлік жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Қала басшысы ақылы тұрақтарға қатысты наразылықтан да хабардар екенін айтты.

- Адамдар ақылы тұрақтар не үшін деп айтады. Ертеңгі күні тура осы адамдар экология туралы дабыл қаға бастайды. Жаяу жүргінші  жолдары, веложолдар ақылы тұрақтар барлығы қаланың экологиялық ахуалын жеңілдетуге бағытталған, - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша қала əкімдігі Тұрақты көлік жобасын ары қарай жалғастыратын болады.

- Алматыда бірнеше жылда 10 аса жол айырығы салынды. Оған 3 млрд теңге жұмсалды. БАКАД жолы 40-60 мың көлікті азайтады. 1-ЖЭС газға көшті. Келесі жылы «Самұрық Энерго» АҚ 7 млрд теңге салады. Осының арқасында ауаға тарайтын зиянды заттарды 9 пайызға азайтуға болады. БҰҰ Даму бағдарламасының ұсынысымен жолаушылар тасымалы нарығын көлеңкелі экономикадан шығардық. 20 тасымалдаушы мүлде табыс жоқ деп шағым айтатын. «Оңай» арқылы нарық көлемі 21 млрд теңге екенін анықтадық. Бюджетке ашық бизнестен таза салық түсе бастады. Ал кəсіпорындардың өздері автобус сатып алуда,- деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік,  Тұрақты көлік жобасын Алматы əкімдігі 2011 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Негізгі мақсат қаладағы көліктердің ауаға зиянды зат бөлуін шектеу арқылы экологиялық ахуалын жақсарту болып табылады.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары