$ 498.34  519.72  4.85

Наурызбай ауданындағы медициналық мекемелердің рейтингі әзірленді

Қараша айының соңғы онкүндігінде Наурызбай ауданының әкімі С.Сайфеденовтың төрағалық етуімен аудандық медицина мекемелерінің басшыларының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің және мектептегі медициналық қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өткізілді.

Жиналыстың күн тәртібінде 3 мәселе қаралды, олар:

1.Аудандық медицина мекемелерінің 10 айлық жұмыс көрсеткіштерінің рейтингтік қорытындысын талқылау;

2.Аудан мектептеріндегі балалар арасындағы туберкулез ауруының орын алуы;

3.Балаларға «Екпе егу» мәселелері.

Аудан әкімі өзінің алғысөзінде «Рейтінгтік көрсеткіштерде алғашқы медициналық көмек көрсететін, емхана жұмыстарынының қорытындылары белгіленеді. Ауданымызда бүгінгі күнде 4 емхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының 10 айлық көрсеткішінің қорытындысы бойынша, ауданымыздың емханаларында бірқатар кемшіліктер орын алып отыр», - деп атап өтті.

Сондай ақ, аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері өзінің баяндамасында орын алған кемшіліктердің әр тармағына тоқталып, толық түсіндірме жасады. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан № 26, 27, 35, 36 қалалық емханалардың бас дәрігерлері жіберілген қателіктердің орнын толтырып, алдағы уақытта көрсеткіштерді көтеру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тоқталып өтті.

Екінші және үшінші сұрақтар бойынша аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.Конеева баяндама жасап, бұл бағыттағы жұмыстарға толық сипаттама жасады.

Жиналыс барысында аудан әкімі өзекті мәселелердің алдын-алу бойынша әрбір мекеме басшыларына нақтылы тапсырма беріп, жұмыс жиналысының хаттамалық шешімін қатысушыларға жеткізді.

Аталған жиналыс 17 желтоқсан күні 11 айлық көрсеткіш бойынша қосымша өткізілетінін ескертіп өтті.

Осы ретте айта кету керек, аталған рейтинг ең алдымен халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін ұйымдастырылып келеді. Осы рейтингті түзі барысында мамандар қай медициналық мекемеде қандай кемшіліктердің бар екенін анықтап, алдағы 1 ай көлемінде оны түзетуге уақыт беріледі. Аталған шара Наурызбай ауданында алғаш болып қолға алынып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары