$ 498.34  519.72  4.85

Алматының жұмыс берушілері дөңгелек үстел өткізді

Тұрғындарды тұрақты жұмыс­пен қамту арқылы олардың отбасының әлеу­меттік жағдайын жақсарту  біздің қоғамның ең басты міндеті болып отыр. 2017–2021 жылдар аралығында тұр­ғындарды  жұмыспен қамтуға бағытталған  мем­лекеттік бағ­дар­ламаның өзі  Нәтижелі жұ­мыспен қамту және жаппай кәсіп­керлікті дамыту деп ата­лады.  Демек, тұрғындар нақты жұмыспен қамты­лып, олардың өз кәсібін ашып, сол арқылы нәсібін табуына жол көрсету көзделген.

Осы бағытта Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығында  ауқымды шаралар жүзеге асы­рылу­да. Орталық жуырда ғана жаңа форматта  қызмет көрсету жүйесін  енгізіп, еnbek.kz пор­талын іске қосты. 

Кадрларды  жұмыс берушінің сұраны­сына қарай іріктеу ісі қолға алынды.  Орталық өз өміріндегі осы жаңалық­тармен жұмыс берушілерді жақынырақ таныс­тырып, олармен өзара ынтымақтас­тықты арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту орталықтарының трансформация шеңбе­ріндегі өзара ынтымақтастығы және жаңа форматта қызмет ұсыну, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру» атты «Дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелге»   «Тұрғынүй­жинақ­банкі», «Евра­зиялық банкі» АҚ, «Метро­политен» АҚ, «Соса-Соlа» БК ЖШС, «Caspіan  Beverage Holdung» АҚ, «Райымбек Ботлерс» ЖШС, «Базис» құрылыс компаниясы және басқа да Алматы қаласында орналасқан жиырма жетіден астам  мекемелер мен кәсіпорын басшы­лары қатысып,  жаңа форматта жұ­мыс ұсыну мамандар даярлау және өз сұраныстарын қанағаттан­ды­рудың жаңа жүйелерімен танысып, осы бағыттағы өз ойларын ортаға салды.

«Дөңгелек үстел» басындағы ке­лелі кеңесті  Жұмыспен қамту ор­та­лы­ғының басшысы Мейрам Сүйін­діков ашып, жүргізді. Сөз басында орталық басшысы  қатысушыларға нәтижелі жұмыспен қамту бағдарла­масы және осы бағытта қала аясында атқа­рылып жатқан жұмыстар жө­нінде түсінік­теме берді.  Бұдан соң  Жұмыс беру­шілерді қолдау бөлімі­нің  басшысы Дәурен Ақатай орта­лықтың жаңа фор­маттағы қызмет көрсету жұмыс­тарымен таныстырды.

«Дөңгелек үстелге» қатысқан жұмыс берушілерді жаңа формат бойынша жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес мамандарды іріктеу қызметі, уақытша жұмыс орындарын құру, қызметкер­лерді кәсіби оқыту  бағдарламалары, enbek.kz порталының қызметі қызықтырды. Орталық қызметкер­лері жұмыс беру­шілерге заңнамаға сәйкес  еңбек порталын пайдалана отырып,  электрондық пошта және ұялы байланыс телефоны арқылы бос жұмыс орындарына өтінім беру тәртібін де түсіндіріп, жұмыс беруші­лердің электронды жүйе арқылы қалай жұмыс істеу керектігі, еңбек порталына өздігінен тіркелу жол­дары, бос жұмыс орындары деректер базасына ағымдағы бос жұмыс орындары мен  болжамды жұмыс орындарын енгізу үшін сұранысқа ие мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы деректерді тіркеу төңірегіндегі сауалдарына жауап берді. Бос жұмыс орындары туралы дерек­терді тіркеуді мысал ретінде көрсетті. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде бос жұмыс орын­дарын ұсынып қойып, жай­барақат отыратын жұмыс берушілер қазіргі уақыт талабының ол жай­барақат­тықты көтере алмайтын­дығына көз жеткізіп, келешекте орталықпен ын­ты­мақтаса отырып,  еңбек нары­ғын­дағы және әр кәсіпорын мен меке­мелерге қажетті мамандықтарға де­ген сұраныстар бойынша бірлесе жұ­мыс істеу жөніндегі мәмілеге келді.

Нұржамал БАЙСАҚАЛ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары