$ 498.55  524.28  4.75

Алматыға жиналған танымал тіл мамандары латын әліпбиіне қатысты тың пікірлерін айтты

Кеше ғана қазан айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Бұл жаңалық Қазақстанды былай қойғанда, әлемнің бірнеше елінде айтылып, талқыланды. Өйткені, посткеңестік елдердің біразы кирилл алфавитінен бас тартып, өздерінің тарихы жазылған әліпбиге көшіп жатыр. Қазақстан – солардың бірі.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сонау тоқсаныншы жылдары-ақ айтқан болатын. Алайда, дағдарыс уақытында үкіметтің экономикадан өзгеге «бас ауыртатын» уақыты да, күші де болған жоқ. Ал, қазір аталған идея пісіп жетіліп, бұдан әрі күттірмейтінін көрсетті. Сондықтан, Елбасы көп созбай ана тілімізді латын әліпбиіне көшіріп отыр.

Латын әліпбиіне көшу бір мәселе де, әліпби жасау екінші мәселе. Біз көшуін көшіп алдық та, әоіпби жасауда біршама асығыстық жасаған сияқтымыз. Өйткені, тіл мамандары ұсынған екі нұсқа да қоғамда көп сынға ұшырады. Соған қарамастан, мамандар ұсынған екінші нұсқа бекітіліп кетті. Онда әрбір қазақша әріпті жазу үшін апостроф қолдану керек. Яғни, бір сөзде бірнеше апостроф кездеседі. Сондықтан, бұл жайт әлі күнге дейін қоғамда қызу пікірталас туғызды.

Осы пікірталастардан кейін тіл мамандары Алматыда қайта бас қосып, латын әліпбиінің нұсқасын қайта талқыға салды. Енді мамандар  қоғам пікірін ескеріп, апострофпен белгіленген қаріптерді басқа таңбаларға ауыстыруды жоспарлап отыр. Олар Алматыда жиын өткізіп, осы салада еңбек етіп жатқан ғалымдардың пікірін тыңдады. Басқосуға ассамблея мүшелері де қатысты. Мамандар жаңа әліпбиді қолданысқа енгізерде асығыстық танытқан дұрыс емес, дейді. Олар әлі де басқа да нұсқаларды қарап, ең тиімдісін таңдауды ұсынуда. Әйтпесе, апострофпен таңбалаған әріптерден сөз, яки сөйлем құрарда көп адамның қателесетінін айтады. Оның үстіне, дыбыстарды «үтірлермен» айыру - эстетикалық тұрғыдан талапқа сай келмейді екен.      

«Апострофтардың көбейіп кеткені кейде эстетикалық жағынан келмейді екен. Мәтінге онша жақсы сипат бермейді. Сосын бір бетте көлемі ұлғайып кететінін байқалды. Өйткені бірден екі әріп түседі ғой. Біраз қиындықтар бар екен. Сондықтан кейбір мамандарымыз айтып отыр: «кейбір әріптерді диграф түрінде қалдыру керек шығар» деген. Бір кездері барлығы диграфпен белгіленіп кетті ғой. Сондықтан осы екеуінің арасынан оптималды нұсқасын таңдау керек деген мәселе көтеріліп жатыр», - деді  ҚР БҒМ саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары Серік НҰРМҰРАТОВ.

Еске салайық, қазақ тілінің латын графикасына өтуі «Болашаққа бағдар: рухагни жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары