$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы Достық үйінде ғалымдар латынға көшудің әлеуметтік-саяси аспектілерін талқылады

Кеше ғана қазан айында Мемлекет басшысының жарлығымен қазақ тілі кириллицадан латын графикасына көшетін болып шешілді. Енді 2025 жылға дейін ана тіліміз кезең-кезеңмен латынша әліпбиге ауысады. Яғни, барлық кітаптар мен ғылыми еңбектер, газет-журналдар, мемлекеттік қызметтегі құжаттар латын қарпіне ауыстырылып, қазақтілді тұрғындар жазуды латын әріптерімен жазады.

Осы жарлыққа қол қойылғанға дейін бүкіл ел қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдап түрлі жиындар өткізсе, жарлықтан кейін латынды айналымға енгізудің жолдарын талқылауға кірісіп кетті.  Мәселен, бүгін Алматыдағы  Достық үйінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Философия, саясаттану жә­­не дінтану институты Алматы қа­ласы Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы Ғылыми сараптамалық тобымен бірге «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруді жүзеге асырудың әлеу­меттік-саяси аспектілері» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция жұмысына танымал қазақстандық ғалымдар, философ­тар, саясаттанушылар, әлеумет­тану­шылар, қоғамдық қызмет­кер­лер және журналистер қатысты.

Ғалымдар, мамандар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің аталған кон­ферен­циясы латын графикасына қазақ тілін ауыстыру бойынша ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын іске асырудың әлеуметтік-мәдени, саяси және әдіснамалық аспек­тілерін талдауға арналды.

Аталған конференция барысында Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары, болашақтағы біртұтас ұлтты қалып­тастыру және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мемлекет басшысының бағ­дарла­малық мақаласы бойынша жалпы­қазақ­стандық бірегейлік және Қазақстан этностарының бірлігі мен келісімін нығай­ту шеңберінде қазақ әліпбиінің алдағы реформасын іске асырудың өзекті мәсе­лелері жан-жақты талқыланды.

Қазақ әліпбиін реформалау тарихи алғышарттармен астасып жатыр және әлемдік технологиялық, коммуникациялық кеңістікке енуге бағытталған. Сонымен бірге, бұл мәселе қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту аясында жалпы­қазақстандық ұлттық бірегейлікті нығайту мен рухани жаңғыру үшін үлкен мәнге ие. Сондықтан 2012 жылдың 14 жел­тоқсанында Президент өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты Жол­дауында «аталған әлеуметтік-экономи­ка­лық және рухани өмірді жаңғырту Қа­зақстан халқын топтастырушы болуы тиіс»  деп атап көрсеткен болатын.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары қазақ жазуының латын әліпбиіне өтуі «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламалық құжаттарында және «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясында аталған ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырма­сына сәйкес, Қазақстанның әлемдік ақ­парат кеңістігіне енуі және уақыт талабы­мен байланысты рухани және қоғам өмі­рінің тағы да басқа көптеген мәселе­лерін шешу қоғамдық сананың маңызды фак­торы болып табылатындығын атап көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары