«Open Almaty» жобасы жергілікті органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге, қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі жағдайларда дереу көмек беруге бағытталған және жақында ол ТМД мен ЕАЭО қалалары арасында өтетін практикалық Х-шы халықаралық «Өмір сүруге болатын қала -2017» байқау- конкурсында жүлделі дипломды иеленді.
Конкурстың басты мақсаты – қалалардың, өңірдің және елдің тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуына жинақталған тәжірбиенің оң ықпал ететінін көрсету.
Конкурстық комиссияның қарауына 20 тәжірибе түскен, байқаудың басты критерийі сапа, нәтиже, әлеуметтік- экономикалық ықпал, оң тәжірибені басқа қалаларға тарату болды.
«Open Almaty» жобасымен қатар Қазан қаласының «Ашық мәліметтер», Санкт-Петербург қаласының инвесторларға арналған «Бірыңғай терезе» Дондағы Ростов қаласының электронды экскурсовод жобалары жүлдеге ие болды.
Конкурс қорытындысы бойынша, дипломмен марапатталған жобалар жалпықалалық проблемаларды шешудің үздік шешімдері, қажетті нормативті- құқықтық құжаттармен басқа да материлдар бар «Қалалық тәжірибелердің кітапханасы» базасына енді.
«Open Almaty» қоғамдық қабылдауы - Алматы әкімдігінің мемлекеттік органдардың тиімділігін арттырудың, ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ететін маңызды жобасы. Мұнда келген әр адам өз мәселесі бойынша толық кеңес алады, әкімдіктің, қала басқармаларының, прокуратура мен полицияның, кірістер департаментінің атына өтінімін тастайды.
«Open Almaty» порталы арқылы өмірлік қажет жағдайлардың түрлі шешімдер алгоритмімен танысып қана қоймай, сонымен қатар, қаланың қызмет көрсету органдарының жол, арық, жылу жүйесін, аулаларды және басқаларын жөндеу туралы жұмыс жоспарларын білуге болады.
Айта кетерлігі, бұрындары «Smart Almaty» Словенияда өткен «Любляна Форум – 2017» байқауында Оңтүстік- Шығыс Еуропа елдері арасында «Қала болашағы» номинациясы бойынша екінші орынды иеленген еді.
Жалпы, «Ақылды қала» қағидасы негізінде Алматы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Алматы -2020» қалалық бағдарлама бойынша дамуда. Жоба мегаполистің өмірлік әр саласын қамтып, қалалықтардың тұрмыс деңгейін арттыруға, жаңа қызметтерді енгізуге, ТҮКШ инфрақұрылымының шығындарын қысқартуға ықпал етеді.
Бүгінгі күні, бизнеске қажет мәліметтер қожетімді. Алматының БасЖоспары порталында қызыл жиектер сызбасы мен инженерлік желілер қуаттары жарияланған.