$ 448.15  483.46  4.86

«Эйр Астана» әуе компаниясын сотқа берген Оғыз Доған жеңіске жетті

«Эйр Астана» әуе компаниясының бортсерігінен қазақ тілде сөйлеуін талап еткені үшін басы дауда қалған түрік азаматы Оғыз Доған аталған компанияны сотта жеңіп шықты. Бұл туралы ол Sn.kz тілшісіне баяндап берді. 

«Қысқаша айтқанда, сот біздің талаптарымызды толықтай қанағаттандырды. Сот отырысы біткеннен кейін Эйр Астана өкілдері бірден кетіп қалды. Шешім бойынша, талаптарымызды орындауға тиіс. 

Мені қолдап жүрген көп достарым жеңіске күдіктеніп, кішкене қорқып жүрді. Бірақ, мен жеңістің біздің жақта болатынына сенгенмін», – дейді Оғыз Доған. 

Оғыз Доғанның адвокаты Абзал Құспан да бұған дейін ақпарат құралдарына сотта жеңіске жететінін айтқан болатын. 

Айта кетейік, биыл қарашаның 10-ы күні Air Astana компаниясы бортсерігінің қазақ тілін білмегеніне наразалығын білдіріп, мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін талап еткен Оғыз Доған аталмыш компанияны сотқа берген. 

Алматы қаласы Түріксіб аудандық сотының шешімі бойынша «Эйр Астана» Оғыз Доғаннан кешірім сұрап, моральды өтемақы ретінде символикалық 1 теңге төлейтін болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары