$ 449.58  486.94  4.86

Оғыз Доған «Эйр Астананың» үстінен қылмыстық іс қозғау керегін айтты (ВИДЕО)

Қазақ тілі үшін «Эйр Астана» әуе компаниясымен соттасып, жеңіске жеткен түрік азаматы Оғыз Доған аталған компания үстінен қылмыстық іс қозғау керектігін кешегі сот отырысында айтты.

21 желтоқсан күні Алматы қаласы Түріксіб ауданында өткен сот отырысында Оғыз Доған «Эйр Астана» әуе компаниясы бортсеріктерінің бірде-біреуі мемлекеттік тілді меңгермегенін айтты. 
«Эйр Астана қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруі былай тұрсын, кәсіби деңгейде де сауаттары жоқ екенін өткен сот отырыстарында дәлелдеп берді. Олар заң бойынша, компанияға жұмысқа тұрғанда емтиғаннан өтеді. Яғни жасанды құжатпен жұмысқа тұрған», – деп Оғыз Доған прокурордан «Эйр Астана» әуе компаниясы үстінен Қылмыстық іс қозғауын сұрады.

Алматы қаласы Түріксіб аудандық сотының шешімі бойынша «Эйр Астана» Оғыз Доғаннан кешірім сұрап, моральды өтемақы ретінде символикалық 1 теңге төлейтін болды.

Еске салайық, биыл қарашаның 10-ы күні Air Astana компаниясы бортсерігінің қазақ тілін білмегеніне наразалығын білдіріп, мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін талап еткен Оғыз Доған аталмыш компанияны сотқа берген.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары