$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда биыл екпеден 569 адам бас тартқан

Маңғыстау облысында балаларына екпе ектіруден бас тартқан ата-аналар саны азаймай тұр. Жыл басынан бері олардың саны мыңнан асыпты. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлзада Максимова мұның себеп-салдарына жергілікті «Лада» басылымына берген сұхбатында түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, былтыр екпеден бас тартқан ата-аналар саны 1116 адамды құраған екен. Биыл да бұл көрсеткіш азаймаған.

«Екпеден ең көп көп бас тартқандар биыл Ақтау қаласында тіркелді - 569 адам. Мұнайлы ауданында  180 баланың ата-анасы екпеге қарсылық білдірді.  1 092 адамның ішіндегі  514 ата-ана егу бағдарламасынан өздерінің жеке көзқарастарына сәйкес бас тартты. Діни нанымына байланысты  412 адам бас тартса, 141 адам екпеге сенімсіздік білдірген, ал 25 адам интернеттен алған ақпараты бойынша вакцинацияны қабылдамады», - деді Гүлзада Максимова.

Оның айтуынша, 2018 жылдан бастап өңірде  жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алатын үйлестіру кеңесі іске кіріседі. 

«Ашылатын орталықта ресбуликалық клиникалардан келген білікті мамандар жергілікті  аллерголог, невропатолог сияқты мамандарды дайындайды. Болашақта олар эпидемиологтармен бірігіп, тұрғындарға екпе бағдарламасын насихаттайды», - деді Гүлзада Максимова.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда екпе мәселелеріне байланысты  көпарналы «қауырт желі» іске қосылмақ. 8 800 070 0830 нөміріне қалалық немесе ұялы телефоннан тәулік бойы тегін хабарласуға болады. Тұрғындардың сауалдарына иммуннолог, эпидемиолог дәрігерлер жауап береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары