$ 445.66  474.58  4.78

Қарағанды: тайғақ жолдан өте алмаған жылқылар жапа-тармағай жығылып қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тайғақ жолдан өте алмаған жылқылардың жапа-тармағай жерге жығылып жатқан видеосы таралып кетті.

Оқиға Қарағанды-Павлодар тас жолында болған. Бір үйір жылқы тайғақ жолдан өте алмай, тәлтіректеп, бірінен соң бірі жапа-тармағай құлап жатады. Ал, көліктердің оларды өткізу үшін әрең тоқтағаны анық аңғарылады.

Айта кетейік, Қарағандыда жаңбыр жауып, күннің дереу суып кетуі салдарынан жолдар мұз қатқан. Сол себепті, төтенше жағдайлар қызметі бұл өңірдегі көлік қозғалысына шектеу қойған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары