Қоғам 29.12.2017 сағат 10:55

Байқоңырға туристік сапарлар ұйымдастыратын туроператорлар анықталды

Байқоңырдың туристік тартымдылығын арттыру үшін қаладағы қонақ үй қорын кеңейту жоспарланып отыр деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Іске асыру мерзімі 2018-2035 жылдар болатын Байқоңыр қаласы дамуының ұзақ мерзімді бағдарламасында «Байқоңыр» кешенінің туристік потенциалын дамыту бойынша іс-шаралар ескерілген. Соның ішінде бұқаралық туризмді қамтамасыз ету үшін қонақ үй қорын кеңейту, автокөлік паркін кеңейту бойынша шараларды іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар Байқоңыр қаласында мәдени әрі ойын-сауық инфрақұрылымын және «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын (зымыран ұшыруларын бақылау үшін қарау алаңдарын салу) дамыту, «Байқоңыр» ғарыш айлағы нысандары және жақын орналасқан аудандар («Қорқыт-ата» мемориалдық кешені, «Қамбаш» көлі және т.б.) бойынша тиісті турлар әзірлеу  көзделген», – дейді министрлік өкілдері.

Мұнымен қоса, келетін шетел туристерінің санын көбейту үшін виза, рұқсат беру рәсімдерін барынша жеңілдету бойынша іс-шаралар жоспарланған.

«Бүгінгі күні «Байқоңыр» ғарыш кешеніне туристік сапарлар ұйымдастыруға мүмкіндік алатын туроператорлардың тізімі қалыптасқан. Соның ішінде қазақстандық туроператорлар да бар», – делінген ведомство мәліметінде. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар