Қоғам 29.12.2017 сағат 08:10

Қызылорданы су басу қаупі бар

Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді. Қазірде су басу қаупінің алдын алу мақсатында ПМК-29 аумағын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр деп жазады Syrboyi.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кеше өзен арнасындағы мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп, Сырдария өзенінің ескі арнасы толып, ПМК-29 саяжайының ішкі каналына көп мөлшерде су ағуынан тұрғын жайдың ауласына су жайылған.

Жалпы, ПМК-29 саяжайы өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын ала ескертпе хаттар таратылған.

Саяжайда барлығы 36 тұрақжай бар. Оның ішінде адамдардың қысы-жазы тұрақты тұрып жатқаны –  2 отбасы.

«Осыған байланысты бекітілген жауапты мекемелердің арнайы техникаларын (6 жүк көлігі, 1 трактор, 1 экскаватор) жұмылдыра отырып, су жайылудың алдын-алу мақсатында топырақпен бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Саяжайды су басу қаупі туындаған жағдайда алдын алуға жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдар дайын»,  деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.  

 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар