$ 524.58  551.91  4.93

Атбасарда үй өртеніп, ағайынды екі ер азамат қайтыс болды

Атбасарда өртенген үйден ағайынды екі жігіттің денесі табылды, олардың біреуі мүгедек болған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Ақмола облыстық ішкі істер департаментінен.

Родионовка ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 2 қаңтарда түнде өрт шыққан. Тілсіз жауды сөндіріп жатқан кезде жатын бөлмеден екі аяғы жоқ 46 жастағы ер адамның денесі, ал ас үйдегі диваннан 51 жастағы ағасының күйіп кеткен мәйіті табылды. 

Ағайындылардың денесі мәйітханаға жіберілді, сараптама жүргізіледі. Төсекте жатып, темекі тарту өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. 

Полиция ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлімі "Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі өндірісті бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары