Қоғам 04.01.2018 сағат 03:21

Алматыда екі бойжеткенді көлік қағып кетті

Алматыда Райымбек даңғылында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Екі қыз жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болыпты. Жаяу жүргіншілер өтетін жер он бес метрдей қашықтықта болған.

Олар жолдың жартысын жүгіріп өтіп, қозғалыс жолағының қақ ортасында тұрып қалады. Сол кезде даңғыл бойымен Mitsubishi Pajero көлігі келе жатқан. Жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілерге жақындағанда, қыздар да кенет алға ұмтылады. Жүргізуші тоқтап үлгермей, оларды қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан екі қыз да ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды. Қазір жансақтау бөлімінде.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар