Қоғам белсендісі Аружан Саин түнгі клубта шешінген қыздар жайлы өз ойын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.
«Шешінген қыздар жайлы ештеңе дей алмаймын. Видео көпшілікке таралып кетті. Ұяттау болды. Егер стриптиз билеп шешінгенде мұншалықты масқара болмас еді. Жалпы, әдемі шешіну – өнер. Оны талқылауға болады. Бірақ дәл осы қыздарға тіл тигізгендей емес», – деді қоғам белсендісі.
Оның сөзінше, түнгі ойын-сауық кештерінде шешініп билейтіндерге қомақты қаржы төленетін көрінеді. Осы орайда Аружан Саин қыздарға «Егер шешіну керек болса, онда әдемі билеуді үйренсін» деп кеңес берді.
Еске салайық, желтоқсан айының соңында «Zakova» барында 50 мың теңгеге шешінген екі қыздың видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Бойжеткендердің бұл қылығы біраз дауға ұласып, тіпті клуб ақыры жабылатын болып шешілді.