$ 494.87  520.65  4.91

Астана тұрғыны sms арқылы баласының есімін жіберіп, туу туралы куәлік алды

Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова аталған қызметті бірінші болып пайдаланып, нәрестесі Айымның атын SMS-пен жіберген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов сәбидің алғашқы құжаты – туу туралы куәлігін баланың ата-анасына өз қолымен тапсырды деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кеткен жөн, жаңа жылдың қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-сы туу туралы куәлікке тапсырыс беруді проактивті жолмен ұсына бастады. Ондайда баланың атын SMS арқылы жіберіп, баланың алғашқы құжатын алуға болады.

Пилоттық жоба іске қосылғалы бері перзентханада жатқан 1 208 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау жолданып, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алуға ұсыныс жасалды. Жаңа жүйеге сәйкес, электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинайды. Ал баланың атын және тағы басқа деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

«Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына  баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады. Алдағы уақытта әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де проактивті принциппен ұсынылатын болады.

Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен пайдалану үшін порталдағы жеке кабинетте көрсетілген телефон нөмірі мен жеке сәйкестендіру нөмірін бір-бірімен байланыстырып қою қажет», – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары