$ 494.87  520.65  4.91

Бәрін сотқа беремін – Қарағандыда көз жұмған қыздың анасы

Қарағанды инфекциялық ауруханасында көз жұмған 3 жасар қыздың анасы Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің таққан кінәсін мойындамай отыр. Дәрігерлер қыздың өліміне анасы да кінәлі дегенді айтады.

Ақ халаттылардың ойынша, 3 жасар қыз анасы әкеп берген шұжықты жеген соң жағдайы нашарлай бастаған.

«Қазір қызымның өліміне не себеп болғанын ешкім де дөп басып айта алмайды. Аурухананың іші лас, антисанитария. Оны кез келген науқас дәлелдеп бере алады. Дәрігерлер мені де сол шұжықты жеп уланды деп отыр. Бұл – өтірік. Палатаның іші салқын, маған суық тиіп қалды. Дәрігерлердің міндеті  –  баланың анасы мен шұжыққа жала жабу емес, науқасты аман алып қалу», - дейді қыздың анасы.

Ол сонымен бірге, кез келген шындық детекторынан өтуге дайын екенін де жеткізді.

«Дәрігерлер менің қызымды емдемеген. Тек қана ыстығын түсіреміз деп парацетомол бере берген. Тіпті, система да қойғылары келмеген. Мен оларға ақша да ұсынып көрдім. Бірақ мені елеген ешкім болмады»,  –  деді Диана.

3 қаңтар күні күні ата-аналар шаңырақтарындағы жалғыз қыздарын жер қойнына тапсырды.

«Мен комиссия жұмысына қатысып, тексерушілерге ауруханадағы не болып жатқанын жеке өз қолыммен көрсеткім келеді. Дәрігерлер, әйтпесе, оларға басқаны көрсетіп, менің айтқанымды өтірікке шығаруы мүмкін»,  –  дейді ана.

Еске салайық, Қарағандыдағы инфекциялық аурухананың екінші бөлімінде 31 желтоқсан күні таңертең 3 жастағы Айзере Қаһарманова қайтыс болды. Қыздың анасы баланың өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болғанын айтып отыр.

Қазір жауапты орындар аталмыш ауруханаға жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары