Танымал журналист Аман Тасыған өзінің "Aman Tasygan//TalkLike" атты авторлық бағдарламасына келген қонаққа анайы сұрақ қойып, көпшіліктің сынына ұшырады.
Қазақ журналисі студияға атышулы «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы Замира Сұлтанды шақырған. Сұхбат барысында оған қалай танымал болғаны жайлы сұрақ қойып, жеке өміріне де қол сұқты.
«Саған төсек қатынасын ұсынатын жігіттер бола ма? Қай жұлдызбен төсек қатынасына барғыңыз келеді?», – деп тілші сұрақты төтесінен қойып қалды.
Бұл сөзден кейін біраз абдырап қалған Замира «Мұндай да сұрақ бола ма?» деп жауапты қысқа қайырды.
Желі қолданушылары мұндай сұрақтың этикаға сай емес екенін айтып, журналисті сынап тастады.
«Ұят емес пе? Енді жетпегені төсек әңгімесі еді». «Сіздей қазақ жігіті қазақ қызына төсекке қатысты сұрақ қойғаны нағыз көргенсіздік». «Өз рейтингіңізді көтерем деп Аша Матай екеуіңізді елді аздырып болдыңыздар». «Масқара, ұят ай. Əке шешелері бар ма мыналардың өзі? Қайда қарап отыр?», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.