Америкалық қызға Facebook желісінде тікелей эфирде болған сәтінде оқ атылды деп мәлімдейді WGN9.
Оқиға Вашингтон саябағына жақын маңда, Чикагода болды. Телеарна мәліметінше, 27 жастағы америкалық қыз әлеуметтік желіде видео трансляция жасап келе жатып, тұрақта отырған бір әйелмен жанжалдасып қалған. Көп ұзамай шыдамы таусылған көліктегі әйел қыздың аяғына оқ атқан. Зардап шеккен қыз онлайн-эфирді тоқтатпай, ары қарай түсіруді жалғастырады. Екеуі таныс болып шыққан.
Оқ атылған сәт кадрға түспеген. Алайда құқық қорғау органдары видеода болған жәйтті растап берді. Жерігілікті полиция шабуыл жасаған әйелді іздестіріп жатыр. Зардап шеккен қыз қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты.
Дереккөз: Tengrinews.kz