$ 448.89  477.93  4.76

Алматыда Медеуге қатынайтын жаңа автобустар шықты

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы құрамды жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүріп жатыр. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №12 бағыты бойынша «Қазақстан» қонақ үйінен «Медеу» биік мұз айдынына дейін баратын жаңа автобустарды көрді деп жазады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда биылғы көлік реформасы аясында сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды. Олардың 195–і бағыттар бойынша қызмет көрсетіп жатыр. 200 жаңа автобус қалаға келді және олар кезеңдер бойынша жолға шығады. Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды. Олардың 91-і қала жолдарында.

Жалпы қаладағы автобус паркінің 30%-ға жаңаруы және бағыт желісінің ұлғаюы жолаушылар легін 20,6% арттырды. 2016 жылы 174,6 млн, ал 2017 жылы 220,1 млн жолаушы транзакцияланды. Тасымалдаушы жоспарлы шығуды қамтамасыз ете алмаса, интервал мен жылжымалы құрамды жаңарту «Алматыэлектротрансқа» беріледі. Мысалы, №70 бағытта автобустар жаңарды, интервал қысқарды, соның арқасында жолаушылар легі 12 есе өсті. Яғни тәулігіне 395 адамнан 4,6 мың адамға дейін жетті. Жақында 18 метрлі автобус- гармошкалар №201 бағыты бойынша жүре бастады. Ол күніне 11,6 мың адамды тасымалдайды. Сонда шамамен күніне жолаушылар саны 25 мың адамға жетіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары