$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе әкімдігінде күзетші өзін атып өлтірді

Ақтөбе әкімдігін күзеткен қарауыл атылып өлді деп жазады Bnews.kz. Марқұм «Күзет» қызметінің өкілі болған.

Оқиға дүйсенбі күні кешке Ақтөбе әкімдігінің ғимаратында болған. Атылып өлген күзетші қызметтік бекетте өзіне қол салыпты.

Куәгерлердің айтуынша, сол мезетте ғимаратты полиция қоршауға алып, бөгде ешкімді ішке кіргізбеген. Күзетші болса сол жерде тіл тартпай кетіпті.

Алдын ала болжам бойынша, ол өзін табельді тапаншасымен атып салған. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі болған жайтқа қатысты мәлімдемені бүгінгі күннің соңына дейін беретіндерін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары