ІІД Ақтөбе әкімдігінде өзіне қол жұмсаған күзетшіге қатысты пікір білдірді деп жазады "Диапазон".
ІІД марқұмның жеке өмірі жайлы айтып берді. Тірі болса, ырғыздық Байбек Қарымсақов қаңтар айының 10-ы күні 35 жасқа толар еді.
«Кіші лейтинант Қарымсақовтың артында екі баласы қалды. Өзіне қол салардың алдында ешқандай хат жазбаған. Басқа ештеңе айта алмаймыз», – деді мамандандырылған күзет қызметі басқарма бастығының орынбасары Руслан Мақанов.
Айта кетейік, дүйсенбі күні кешке Ақтөбе әкімдігінде күзетші қызметтік бекетте өзін атып тастаған болатын.