$ 494.87  520.65  4.91

Ресейде пышақтасқан екі жігітті ажыратпақ болған 15 адамның бәрі жарақат алды

Ресейдің Пермь қаласындағы нөмірі 127 мектепте екі жасөспірім төбелесіп, бір-біріне пышақ жұмсап, 15 адам жараланды деп жазады 24.kz.

Олардың 12-сі ауруханаға жеткізілді. Оқушыларды ажыратпақ болған 1 мұғалім мен екі 15-16 жастағы баланың халі ауыр. Төбелеске екі жеткіншектің бір-біріне деген өшпенділігі себеп болған. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ Мәскеуден тергеушілер аттандырылған.

Айта кетейік, бастапқыда мектепке екі қарулы адамның шабуыл жасағаны туралы ақпарат тараған. Алайда соңынан екі оқушы бірі-бірімен төбелескені белгілі болады. Кей мәліметке қарағанда, төбелесті бастаған баланың бірі жүйке ауруымен тіркеуде тұрған. Ал оқыс оқиға кезінде мектепте 750-ге жуық бала мен мұғалім болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары