$ 494.87  520.65  4.91

Мақпал Жүнісова: «Бүгін Зәкемнің туған күні»

«Бүгін Зәкемнің туған күні». Осылай деп белгілі әнші, халық артисі Мақпал Жүнісова жары марқұм Заманбек Нұрқаділовті сағынышпен еске алды. Әнші Instagram-парақшасына кезінде күйеуімен бірге орындаған «Жұбайлар жыры» әнін жүктеген.

«Бүгін Зәкемнің туған күні. Еске алып отырған көздің жасы көл болып. Топырағың торқа болсын, Зәкем, – деп еске алды Жүнісова.

Еске салайық, Заманбек Нұрқаділовтің өлі денесі 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінен табылған болатын. Оның денесінен бір емес, үш оқ табылса да (бірі басына тиген, екеуі кеуде тұсына) полицейлер оқиғаға суицид баға берді. Көп ұзамай, өзін-өзі өлтіру нұсқасы хабарланды. Бұл нұсқаға көпшілік, тілшілер мен саясаткерлер сенбеді. Тіпті, жары Жүнісова журналистерге «Заманбектің өзін атып өлтіргеніне сенбеймін. Ол күні оның көңіл күйі де керемет болған» деп бірнеше рет сұхбат берген. Кейін оның қазасын тергеуге уәде берілді. Алайда, 13 жыл өтсе де ешқандай нұсқалар әлі жарияланбады.

Заманбек Нұрқаділов 1944 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген. Ол көзі тірісінде Алматы қаласының әкімі, Алматы облысының әкімі, ҚР Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасының қызметтерін атқарды.

Саясаткер Мақпал Жүнісовамен 1998 жылы некесін қиды. Әнші қазір Заманбектің артында қалған жалғыз қызы Мерейді тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары