Мамандар пакеттегі шайдың адам денсаулығына тигізер зияны көп екенін айтты деп жазады stan.kz.
Сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, пакеттегі шайды көп тұтынатын адамның ағзасында хлор мен басқа да зиянды заттар көп жиналады. Өйткені, пакеттерді шайды топырақтағы фторидтерді жинайтын ескі жапырақтардан дайындайды. Бұл сүйек пен бүйрекке кері әсер етеді.
Өндіріс қызметкерлері қалташаларды ағарту үшін хлорды пайдаланады. Одан бөлек қағаз пакеттерде пестицид ретінде қолданылатын эпихлоргидрин болады. Ол шаймен араласқан соң, иммунитетті әлсіретіп, бедеулікке, тіпті, қатерлі дертке шалдықтыруы мүмкін.