$ 494.87  520.65  4.91

Алматылық жалғызбасты ана 4 баласымен 3 күннен бері аш отыр

Алматыдағы Қалқаман-2 мешітінің алдында шиеттей төрт баласымен бірге жас ана қол жайып, қайыр сұрап тұр. Қақаған қыста көшеге шығып, көмек сұрауға келіншекті жоқшылық мәжбүрлеген. 3 күннен бері нәр татпаған отбасы жұма намаздан кейін жайылған дастарханды жағалап жүр екен, деп мәлімдейді 31 арна.

Азық-түлігін мешіттен алып жан бағып жүрген Гүлмира Қайыпова әр жұма күні осында келіп, қайыр тілейді екен. 4 балама төленетін 30 мың теңгелік жәрдемақы ештеңеге жетпейді -дейді ол. Қалада көмек берер жақындары да жоқ көрінеді. Жоқшылықтан әбден қажыған көп балалы ана барар тау, басар жерім қалмады – деп күйінеді.

“Аптасына бір рет келемін, баламның смесін аламын, сүтін аламын, нан аламын. Қиналып кеттім жалғыз өзім 4 бала-шағамен, өзім шыдай алмай кетемін, пышақ тығамын да өле саламын, шаршадым, уже шамам жоқ. Ұйықтай алмаймын, 3 күннен бері тамақ жеген жоқпын, нәр тартпадым”, – дейді Гүлмира Қайыпова.

Ал балалардың әкесі түрмеден босап шыққан азамат көрінеді. Мешіттен жинап келген ақшамды, тепкінің астына алып, тартып алады -деп зар илейді келіншек. Соққыдан әбден жәбір көрген оның сау-тамтығы қалмаған, шашы жұлынып, басы жарылып, бетінің барлығы көгеріп тұр.

“Қашып кетті ұрып-ұрып, мойнымды қылқындырып. Есімді жинасам бала-шағамызбен бәрін ұрып тастады, шетінен больницаға түстік. Мирасты да ұрды, Тамерланды да ұрды больницаға түстім. Қызымды зорламақшы да болды. Мен бәрін айттым, әкімшілікке де айттым, полицияға да айттым”, – дейді көпбалалы ана.

Жығылғанға жұдырық болып, жалдамалы пәтердің қожайындары «үйден шық!» деп қуып жатқан көрінеді. Келіншек үкіметтен бір көмек болып пәтер алсам, өзіммен-өзім тұрып кетер едім деп басшылыққа біз арқылы өз назын жеткізуге тырысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары