Актер Тәуекел Мүсілім мен танымал әнші Жанар Дұғалованың той көйлегінде бірге түскен суреттері әлеуметтік желілерді біраздан бері шарлап жүр. Кейбір жұрт мұны жай ғана журналдың мұқабасына түскен сурет десе, өзгелері екеуінің жасырын үйленгенін айтып болжауда. Дегенмен, өнердегі жастар осымен бірнеше рет шетелге біорге барып демалып келді.
Baistars порталының жазуынша, биыл Жанар Дұғалованың 31 жасқа толған туған күнінде Тәуекел екеуі Түркияда болыпты. Алайда, Тәуекелдің менеджері Нұрбектің айтуынша, екеуінің де бір уақытта бір қалада болуы тек кездейсоқтық екен. Олар теңіз жағасына түсірілім жұмыстары үшін барған көрінеді, ал араларында ешқандай махаббат жоқ деп ақталды Нұрбек.
Сондай-ақ, былтыр қараша айында Жанар мен Тәуекелдің Бакуге барып демалып келгені де белгілі. Алайда, ол кезде екеуі де арадағы сезімнің тек достықпен шектелетінін айтқан еді.
Есте болса, Т.Мүсілім мен Ж.Дұғалова ең алғаш рет былтырғы жылдың басында тұсауы кесілген "Ала кетпедің" әнінің бейнеклипіне бірге түскен болатын. Олар клиптің соңында сүйісіп, көпшіліктің сынына ұшырады.