$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандылық әйел туған қайнысын Сириядағы соғысқа алып кетпек болған

Қарағандылық әйел күйеуінің туған інісін Сириядағы соғысқа алып кетпек болған сәтінде ұсталды. 30 жастағы Жансая Таңатарова қазір сот алдында жауап беріп жатыр. Бала әлі кәмелет жасына толмаған. Десе де, ол сот отырысында өз жеңгесін барынша қорғап-бағуда деп мәлімдеді informburo.31.kz.

Жансаяның күйеуі де экстремизм бабы бойынша айыпталып, бұған дейін сотталып кеткен екен. Күйеуінің жолын әрі қарай жалғастырмақ болған әйел ДАИШ лаңкестік ұйымына қосылып, оның сапына жас жігіттерді тартпақ болған. Ол 17 жастағы қайнысы Сағи Жолдыбаевқа жалған құжат жасап беруге уәде беріпті және оны жасырын жолмен Сирияға жібергелі жатқанда қауіпсіздік комитетінің құрығына ілінді.

Бала екі жылдан бері теріс діни ағымның ықпалында. Ол сотта жеңгесіне шаң жуытқан жоқ. Дегенмен, Сағидың ата-анасы оған "діндарлар" тарапынан қысымның болғанын айтады. Өйткені, бұған дейін жасөспірім жеңгесінің өзінен ақша талап еткенін мәлімдепті.

«Ұлымды қорқытып тастаған. Неге қорқытқанын білмеймін. Ұялы телефонмен түрлі хабарлама жазған: куәлігіңді әкел, паспортыңды жөндеп беремін, сен менің баламсың деп жазғандарын өзім оқыдым», - дейді Сағидың анасы Жаңыл Жолдыбаева.

Мемлекеттік айыптаушылар Жансаяның Сирияға шығу жоспарын тізбектеп үлгерді. Сөздерінше, әуелі Қарағандыдан Жамбыл облысына баруы тиіс болған әйел шекара асып, Қырғызстанға ұшуды ойластырыпты. Кейін Стамбул қаласына аттанып, сол жердегі лаңкестермен Сирия Араб Республикасына кетуді жоспарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары