$ 498.34  519.72  4.85

«Қыздығымнан "саған үйленемін" деп алдап айырған»: Алматылық ару пәк қыз алуға шақырған Смановтың сөзімен келіспейтінін айтты (ВИДЕО)

Алматылық бойжеткен пәк қыз алуға шақырған оңтүстікқазақстандық имам, діни уағызшы Әбдіғаппар Смановтың сөзімен келіспейтінін кесіп айтты.

Дін өкіліне жамағаттағы жігіттердің бірі: «Пәктігінен айырылған қызды алуға бола ма?» деген сұрақ қойған, сонда Сманов «Барынша пәк қыз алуға тырысыңдар!» деп жауап береді.

Видеодағы сөздер жүрегіне ауыр тисе керек, желі қолданушысы оны өзінің Facebook-парақшасына бөлісіп, кезінде алданып қалғанын ашық жазды.

«Қыздығынан айрылған қызды алуға бола ма? Сманов сізбен мүлде келіспеймін. Менің қыздық пердемді "ертең сені әйел қып алам" деп алдап айырған. Ол үшін кінәлі емеспін!”, – деп жазды ол.

Қыз – ұлт намысы. Қазақ қыз баланы қашан да қорыған. «Қыз – жат жұрттық» деген. Оның абыройын бәрінен биік қойып, әр қадамын ойлап басуға тәрбиелеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары