26.01.2018, 03:34

Астанада көктайғақ салдарынан жол апаты болып, жас жігіт қайтыс болды

Астанада 25 қаңтар күні кешкі сағат 21:30 шамасында Сарайшық көшесінде орналасқан көпір үстінде жол көлік оқиғасы болып, бір адам қайтыс болды деп хабарлайды елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Сарайшық көшесімен келе жатқан ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан тиізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен және Toyota маркалы жеңіл көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-21140 көлігінің 23 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Ал, Toyota көлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен салонда болған 7 жасар қыз түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліпті.

Қазіргі таңда полийеулер ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабымен іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын айтады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.