$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте бір отбасын түгел қырып салған күдіктінің кім екені әлі анықталған жоқ - ОҚО ІІД

Шымкентте кеше орта жастағы әйел мен оның екі ұлын өлтіріп кеткен қылмыскердің кім екенін полицейлер әлі анықтаған жоқ. Қазіргі таңда күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр дейді ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Еске салайық, қаладағы жер үйлердің бірінен кеше кешке полицейлер 53 жастағы әйел мен 22 және 13 жастағы ұлдарының мәйітін тапқан болатын. Оларды белгісіз біреу айуандықпен өлтірген. Қылмыскер алдымен әйелді, артынша үлкен ұлын қатты затпен ұрып, кейін тығылырп қалған кішкентай баланы бауыздап өлтіргені белгілі болып отыр.

Алдын ала болжам бойынша, күдікті осы отбасын жақсы таныған болуы мүмкін. Оның мұндай қанды қылмысқа не үшін барғаны да енді анықталатын болады.

«Аталған жайт СДТБТ-не тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті тұлғаларды анықтау үшін барлық қажетті іс-шараларды өткізуде», - дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары