$ 444.32  473.33  4.76

Теміртауда асылып қалған 10 жасар қыздың қауіпті интернет ойындарына қатысы болмаған

Бұған дейін Қарағанды облысында 10 жасар қыздың өз үйінде асылып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Туғандарының айтуынша, Ксения Белозерова үйінде жаттығу жасап жүргенде абайсыздан мойынорағышына қылғынып қалыпты. Ауыр атлетикамен айналысқан озат оқушы үнемі үйде жаттығатын еді дейді олар. Полицейлер болса, әзірге бұл іс жайлы ешбір ақпарат бермей отыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Мектеп үшін бұл оқиға оңай тимеген секілді. Өйткені кеше ғана сабақтан ойнап күліп кеткен баланың бүгін жоқ екеніне ешкім сенер емес. Оқушылар дәлізге Ксенияның суретін қойып, қайғыра көңіл айтқан сөздерін де жазыпты. Мұғалімдері марқұмды ақылды қыз еді дейді. Оқуда алдына жан салмаған, спортта да нәтиже көрсетіп келе жатқан. Қыз өліміне байланысты желіде желдей тараған ақпарат жалған екен. Туғандары мен мұғалімдері 10 жасар қыздың желідегі қауіпті ойындармен байланысы жоқ дейді. Қызда тіпті ұялы телефон да болмаған екен.

Еске салайық, ақпанның 3 күні Қарағандыда 7 сынып оқушысы асылып өлген болатын. Дегенмен 14 жастағы Настя Изотова ның өліміне байланысты полиция өзіне қол жұмсауға итермеледі деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ретінде оның желідегі танысы танылып отыр. Ол жеткіншекті өлім тақырыбына тартып, өзіне қалай қол жұмсау кереттігін тәптіштеп түсіндірген дейді жақындары. Полиция мен прокуратура екі өлімді бір бірімен байланыстырмайды, бірақ толыққанды ақпарат та бермей отыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары