$ 443.85  474.3  4.8

Алматылық құрылыс компаниясы ОҚО-дан келген жұмысшыларына жалақыларын бермей отыр

Алматыда 80-ге жуық жұмысшы 2 ай бойы тегін жұмыс істеген. Мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын істеткен басшылары оларға жалақыларын бермей отыр деп жазады Ratel.kz.

Жұмысшылардың басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысынан келгендер екен. Қазір олар жұмысын тоқтатып, басшыдан жалақы талап етіп отыр.

- Екі ай болды менің келігеніме. Ақша қолымызға тимей жатыр. Бастапқыда 10 000 берді аванс ретінде. Осы мектептің ішінде түнеп жұмыс істеп жатырмыз. Тіпті моншаға баратын ақшамыз жоқ. Жалақыларыңды береміз деген уәдеге тойып біттік. Ондай сөзді күнде естиміз, - дейді Бақытжан САПАРОВ есімді жұмысшы.

Оқушысы жоқ қаңыраған ғимаратта ағаштан төсек жасап алған жұмысшылар қара су мен қара нанды талғажау етіп отыр. Үш қабатты мектептің бір бөлмесін бараққа айналдырған мындағы жұрт әуелде күніне 5000 мың теңгеге келісіпті.

Алайда, қолдарына көк тыйын да тимегендер енді ақша алмайынша жұмысқа шықпаймыз дейді. Төзімі таусылып үйлеріне кетіп қалғандары да бар екен. Ал шыдап баққандар адам төзгісіз жағдайда әзірге құрлыстың басын тегін күзетіп күнелтпек.

- Басында бұл мектепте сексенге жуық жұмысшы болдық. Қолды бір сілтеп кетіп қалғандар бар. Қайтсін? Бала-шағаны асырау керек. Орташа есеппен біздің 12-14 миллион алашағымыз бар, - дейді Ғабит БАУЫРЖАНҰЛЫ.

№46 мектеп гимназиясының күрделі жөндеуден өткізуге тендер 2014 жылы жарияланыпты. Алты жүз миллион теңгені ұтып алған мердігер компания «КазМоналит Групп» деп аталады.

Тапсырыс беруші Алматы құрылыс басқармасы. Мемлекеттік конкурсты ұтқан мердігер кінә бізден емес, тиісті қаражатты «ИП» арқылы жұмыс жасап жатқан бригадирге беріп қойғанбыз дейді.

Жұмысшылардың жетекшісі қаражаттың түскенін растайды. Елу алты жұмысшыға алты миллион қарыз екенін де жасырмайды. Тек құрылыс жұмыстары алғашқы келіскен соммадан артық болып жаңылысыпты.

Бізге аударған ақша қаңтардың авансына кетті. Бір миллион жеті жүз мың. Бұл қосымша қаржы. Енді бізде қайта есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Яғни бір аптаның көлемінде түгел ақшаларды береміз. Бүкіл бригада ақшасыз отырған жоқ. кешіктіру тек құжаттарға байланысты туындады, - дейді шағымданушы жұмысшылардың бригадирі Александр ГАЙФУЛИН.

Қазір мектептің жетпіс пайыз жұмысы аяқталған. Нысан келісім шарт бойынша сәуір айында өткізілуі керек. Межелі уақытта жөндеу жұмысы бітер бітпесі белгісіз. Құрылысшылардың еңбек ақыларының алу-алмау жағы да беймәлім. Себебі құрылысшылар ешқандай да еңбек шартына отырмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары