$ 494.87  520.65  4.91

Алматылық имам журналисті дискотекаға шақырған

Бүгін отандық БАҚ өкілдері Шығыс Қазақстан облысындағы орталық мешітке келген голливудтық актерлар туралы жарыса жазды. Турасын айтқанда, мешіт имамының танымал актриса Бай Линге тесіле қараған фотосуреті көпшіліктің талқысына түсті. Оқырмандардың бір жағы "молда да адам, онда тұрған түк те жоқ" десе, екіншілері имамға "көз зинасынан сақтаныңыз" деп әзілдеп тиісіп жатты.

Жә, бұл жай ғана сәтті түсірілген фотосурет болар, имамның имандылығында еш күмәніміз жоқ. Тек танымал журналист, ҚР Парламент Сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Бибігүл Жексенбайдың ертеректе басынан өткен оқиғасы еріксіз езуімізге күлкі үйірді.

Оның айтуынша, өскемендік имамның Бай Линге әуестене қараған суреті 1991 жылы журналистің молдамен болған диалогын есіне түсіріпті.

«Имамның мына көзқарасы 1991-ші жылғы Алматы Орталық мешітінің имамын еске түсірді. Студент кезімде редакция тапсырмасымен Бас муфтиден сұқбат алуға орамал тағып, өзімше дайындалып барып едім. Рəтбек қажы дипломсыз журналисті менсінбеді ме, əлде шынымен уақыты болмады ма, əйтеуір, имамдарға жіберді. Муфти тапсырмасымен сұқбат берген имам əңгіме соңында: "қарындас, сізді дискотекаға шақырсам бола ма" - дейді. "Имаммен дискотекаға баруды тіптен, елестету мүмкін емес. Сіз намаз оқымайсыз ба?" - дедім. "Намаздан басқа уақытта боспыз ғой" деп қарап тұр. Сондықтан мұндай имамдарға таңданбайтын болдық», – деп жазды Бибігүл Нұрғалиқызы өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, голливудтық актерлар тек мешітке ғана емес, бүгін Өскемендегі шіркеуде де болып, өз білгендерінше құлшылықтарын жасап қайтты. Олар жақын күндері Шығыс Қазақстан облысы туралы түсірілетін фильмдегі басты рольдерді сомдамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары