Қазақ ежелден жетімін жылатпаған халық. Ата-анасыз қалған баланы бауырына басқан халық. Қазір ше? Қазір жетімдерді бауырға баспақ тұрмақ, оларды өз қолымызбен әке не шешесіз өсіріп жатырмыз. Қоғамдағы осы бір дертті Жан Ахмадиев қағазға түсіріп, ел назарына ұсынды.
Бейнебаянның сюжеттік желісі әйелі мен баласын тастап, жан ләззатынан тән ләззатын жоғары қоятын еркектерге арналған.
Осы орайда шығарма авторлары туынды арқылы көпті сәбилердің бүтін отбасында өмір сүріп, оларды жетім қалдырмауға шақырды.