«Оңтүстік Қазақстан облысында 260 ата-ана түрлі себеппен баласына туберкулезге қарсы екпе салдырудан бас тартып отыр» деп хабарлады Шымкенттегі СПИД орталығында өткен брифингте облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Болатхан Сағымбеков.
Бас дәрігердің сөзінше, ата-аналардың барлығы перзентханада екпе егуге қарсылық білдіріп жатыр. Олардың сексен пайызы діни сеніміне байланысты, қалғандары түсінбеушіліктен бас тартып отыр.
- Перзентханадан балаға екпе салмай кеткен ата-аналар арнайы есепке алынады. Жылыны бір рет тексеруден өтеді. Егер бұл отбасында бір адам туберкулезге шалдыққан болса, жаңа туған бала дәрігердің бақылауына алынады, - дейді Болатхан Сағымбеков.
Болатхан Сағымбековтың мәліметінше, 2017 жылы 51 бала туберкулез ауруына шалдығып, тіркеуге алынған.