Оңтүстікқазақстандық имам Әбсаттар Смановпен бірге суретке түскен Төреғали Төреәліні әлеуметтік желі қолданушылары тағы да мазаққа айналдырды. Әнші мен діндардың фотосуретін Арыстанбек Алмаганбетов есімді Facebook қолданушысы өз парақшасына жүктеген.
Әбсаттар қажыны бүгінде танымайтын қазақ кемде-кем. Алдына келген жамағатқа көбінесе жекіп сөйлетінімен танымал болған имам "ешек" деген сөзді де жиі қолданатыны мәлім. Бірақ, дін ұстанушыларының көбі молданың осындай қатал болғаны дұрыс деп те пікір айтып жүр.
Әлеуметтік желі қолданушылары болса фотосуретте имам мен әншінің алдында жатқан қамшыны көріп, бірден арам ойларын жаза бастады. Бірі "мыналар эротиканы көп көреді-ау" деп кекетсе, тағы бірі "мазахистерді ешаксың деп ұратын шығар" деп мысқылдады.
"Еріккен сарттар бірін-бірі тауыпты", "Бұрынғысы ештеңе емес, енді Смановқа ұқсап салт-дәстүрімізді мазақ қылатын болды", - деген де пікірлерді кездестіруге болады.
Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен концертінде ерсі қылық көрсетіп, тыңдармандарын шошытып алған болатын. Ол залда отырған егде жастағы көрерменді балағаттап, тіпті анайы сөздер де айтып жіберді. Көпшілік болса Төреғалидың сол концертке спирттік ішімдік ішіп немесе есірткі затын қолданып шыққан деп ойлап жүр. Алайда, әншінің өзі бұл пікірлердің бәрін жоққа шығарды.