$ 444.22  476.38  4.82

Астанадағы тергеу абақтысынан қауіпті қылмыскер қашып кетті

Астанадағы тергеу изоляторларының бірінен бұрын бірнеше мәрте сотталған адам қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесіне сілтеме жасап.

«Бір қабатты ғимаратқа жапсарласа салынған серуендеуге арналған алаңда жүрген қылмыскер шатырға шығып, одан шағын қоршауға секіріп, артынан басты қоршаудан қашып шыққан», - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа қарағанда, Қарағанды облысының 36 жастағы тумасы Е.К.Арғымбаев ұрлық жасап, тонау әрекетіне барған үшін сотталған. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары