$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте мектеп терезесінен секірген оқушы аман қалды

Шымкенттегі №18 мектептің 9 сынып оқушысы екінші аусым сабағының ортасында терезеден секіріп кеткен деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, 20 ақпан күні оқушы қомақты қаржыны жоғалтып алғанын аңғарады. Соның салдарынан, қатты күйзеліске түскен қыз 2 қабаттағы терезеден секіруге бел буған.

«Бойжеткенді райынан қайтару мақсатында, мектеп психологы мен мұғалімдер, 20 минут бойы оны сабырлыққа шақыруға тырысқан. Тіпті, оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем де тартылған. Алайда барлық жұмылдырылған әрекеттерге қарамастан, оқушы қыз терезеден секіріп кеткен» делінген хабарламада.

Абырой болғанда, Аскар Усенов атты мектеп қызметкері бойжеткенді терез астында қағып алды. Бұл ерлігі үшін барлық мектеп ұжымы оған өз алғысын білдірді, – дейді мектеп директоры Гүлназ Омарова.

Бойжеткенге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі жағдайы қалыпты, дәрігерлер мен психологтардың жіті бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары