$ 491.7  531.28  5.07

Қостанайдың жастары қылышынан қан тамған «қызыл империяны» аңсап жүр

Қостанайлық студенттер Қызыл әскердің 100 жылдығын тойлап жүргенін әкімдіктегілер білмей қалыпты. Сынның астында қалған билік бүгін осылай ақталып жатыр. Жергілікті Наша газетінің жазуынша, колледждерде оқитын жастар Коммунистік халықтық партиясының мүшелеріне еріп, қаладағы Лениннің және тағы бірнеше ескерткішке гүл шоғын қойған. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді.

Тіпті, қызыл әскердің құрметіне қолдарына қызыл ту ұстап, қызыл кеудеше киген студенттер саппен жүріп өтіпті. Негізі «Қызыл империяны» жатса тұрса аңсайтын коммунистер сол кездегі мерекелерді қолдап, тұрақты марш, митинг ұйымдастырып тұрады. Ал биыл қатарларына жастарды қосқан. Қосып қана қоймай, біразының саяси көзқарасын өзгертіп те үлгерген сыңайлы. Өйткені, шараға қатысқан студенттер жергілікті басылымға Кеңес үкіметі кезінде жағдай қазіргіден де жақсы болған деп жарыса сұқбат берген. Ал тендерді ғана аңдып отыратын шененуіктер, иектерінің астында болып жатқан бұл саяси шеруден мүлдем хабарсыз.

Саят Шаймұрынов, Қостанай қалалық Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы :

- Заң бойныша, митинг, акция, флешмобтар өткізу үшін алдын ала әкімдіктен рұқсат керек. Бірақ, бізге ондай хат келмеді. 23-ақпанның Тәуелсіз еліміз үшін еш қатысы жоқ, мереке емес. Біз сол жиынға қатысқан жастармен кездесіп, оларды сабақтан кім жібергенін, кім жинағанын тексереміз, сөйлесеміз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары