$ 498.34  519.72  4.85

СҚО әкімі Наурызда киіз үйлердің есігін жауып алатын шенеуніктерді сынады

Биыл Наурыз мейрамы Петропавл қаласының жаңа орталық алаңында тойланатын болды. Қазақстан Конституциясы көшесi бойында 12 киiз үйден құралған этноауыл бой көтередi. Мейрам қонақтарына тегiн Наурыз Көже, палау, бауырсақтар және шай ұсынылады. Алғаш рет Әз Наурызды аудандардың көмегiнсiз тойлау туралы шешiм қабылданды. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов аудан әкiмдерi Наурыз мерекесiн өз ауданының тұрғындарымен қарсы алу керек дейдi.

«Жыл сайын аудан әкiмi бастаған делегациялар концерттiк бағдарламамен келетiн едi. Аудан әкiмдерi мейрам кезiнде өз орындарында болу керек. Мейрамды өз күшiмiзбен өткiзе аламыз», — дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмi Наурыз мейрамын тойлау кезiнде киiз үйлерде жабық ас беруге тыйым салды.

«Бiз киiз үйлердi жауып, онда тамақ беремiз. Халықта оның iшiнде кiмге тамақ берiп жатыр деген сұрақ туындайды. Онда көп балалы аналарға, ардагерлерге, мүгедектерге тамақ берiлетiн. Оларға мерекенiң қарсаңында ұйымдарда мерекелiк шараларды ұйымдастыру керек. Киiз үйлер ашық болуы тиiс, оның iшi тиiсiнше безендiрiлiп, бiздiң салт-дәстүрлерiмiздi барынша паш ету қажет. Киiз үйдi таңертең қойып, кешке жинап жатады. Киiз үйлер барлық мерекелiк күндер бойы жұмыс iстеу керек», — деп атап өттi аймақ басшысы.

Былтыр облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың бастамасымен Наурыз мейрамы облыс орталығының аулаларында кеңiнен аталып өтiлген болатын. Биыл бұл дәстүр жалғасын табады. Қаладағы барлық аулаларды мерекелiк шаралармен қамту керек дейдi облыс әкiмi.

Сондай-ақ басты мейрамға Ресейдiң көршiлес өңiрлерiнен қонақтар да шақырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары