$ 443.85  474.3  4.8

Қырымбек Көшербаев та киіз үйдің есігін тек «құрметті қонақтарға» ашатын шенеуніктерге шүйлікті

Қызылорда облыстық аппаратының жиынында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Наурыз мерекесін атап өту мәселелеріне тоқталды. Өңір басшысы шенділерге киіз үйлерде тек бастықтарға арнап дастархан жаю әдетінен арылу керек екенін ескертті.

Наурыз мерекесіне дайындықтың қалай жүріп жатқанын Қырымбек Елеуұлына облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев баяндады. Ол облыс орталығында өтетін мерекелік шаралармен бірге қайырымдылық акцияларының да көптеп ұйымдастырылатынын айтты. Көшербаев болса бұдан былай дастарханды тек құрметті қонақтарға ғана арнап жаюды доғару керектігін айтты.

«Бастықтарға арнап дастарқан жайып, олар  келгенде ғана киіз үйдің есігін ашатын әдеттен арылу керек. Наурыз көжеден кез келген адам дәм тата алатын жағдай жасалуы керек. Ас-ауқат фуршет үлгісінде дайындалып, дастарқан бәріне бірдей жайылуы тиіс», - деді облыс әкімі.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов та өз қоластындағыларға дәл осындай тапсырма берген болатын. Яғни, Петропавл мен өзге де аудан орталықтарында тігілетін киіз үйлердің барлығы тұрғындар үшін ашық болуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары