$ 444.32  473.33  4.76

Жұма күндері 5 мыңдай жинаймыз – қайыршы қыз

Қазақстанда қайыр тілеп жүрген өзге ұлттың қыздары кәсіптері жайлы, бұл елге қай жақтан келгені, қалай ақша табатыны жайлы айтып берді.

“Өзбекстаннан келгенімізге 1 жыл болды. Әкем мен әпкем сол жақта. Анам екеуміз Қазақстанда осылай ақша сұрап нан табамыз. Біздің кәсібіміз сол. Полицейлер кейде тапқан ақшамызды алып қояды. Қазақстанның бірнеше қаласында болдық. Ең жақсысы Алматы қаласы. Адамдары ақшаны көп береді. 20 мың теңге қолыма ұстатқан адамдар болды. Жұма күндері ақша жақсы түседі. 5 мыңдай жинаймыз. Ал, басқа күндері 1000-3000 теңге аралығында жинаймыз”, – дейді өзін Дильназ деп таныстырған қыз бала.

“Жазу-сызу білмеймін. Әке-шешемнің оқытатын жағдайы жоқ. Осы елде тағы 1 жылдай жүреміз. Сосын Өзбекстанға кетеміз. Туыстарым көп Өзбекстанда. Бәріміз осылай қайыр тілеп ақша табамыз. Бізді ұры деп жұмысқа алмайды”, – дейді Дильназ.

Өзбекстанда тұрғанымен ұлты тәжік қыздар қандай армандарың бар деген сұраққа да жауап бере кетті.

“Әке-шешеммен, әпкеммен бірге болсам. Бір отбасы болып тұрсақ, киіміміз, тамағымыз болса деп армандаймын. Біз әр жақта бөлініп жүреміз. Өзбекстанда кішкентай үйіміз бар. Ақша тапқан соң сол жаққа кетеміз. Бір жылдай уақыт өткен соң қайта кетеміз”, – дейді балалық шағы қайыр тілеумен өткен Дильназ.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары