$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда қытайлармен төбелескен күзетшілер ақыры кешірім сұрады

Бұған дейін Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында күзетшілер мен қытай азаматтарының төбелескендігі туралы жазған болатынбыз. Atpress.kz порталының мәлімдеуінше, бүгін күзетшілер қытайлық компания өкілдерінен кешірім сұрапты.

Оқиға 27 ақпан күні күндізгі сағат 12-лер шамасында болған. Зауытқа кірер тұстағы өткізу бекетінен шықпақ болған ҚХР азаматтарын күзетшілер уақыттан бұрын жібермейміз деп, шығармай қойыпты. Бұған наразы болған қытайлықтар ұялы телефондарын шығарып, қарауылда тұрған қазақтардың әрекетін бейнекамераға түсіре бастайды. Күзетшілер кедергі келтірмек болғанында екі тарап төбелескен. Қақтығысқа ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілдері араласып, 7 минут ішінде оларды ажыратып жібергендерін айтып отыр.

Төбелестен жарақат алғандар жоқ. Қытайлық компания мұнан кейін дұмысшылардың кіріп-шығуына арнап арнайы кесте әзірлесе, күзетшілер көрші елдің жұмысшыларынан кешірім сұраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары