Дәмханада отырып, Instagram арқылы тікелей эфирге шыққан жас жігіт өзіне кедергі келтірген өзге клиенттің ноутбугын қақ бөліп, жерге таптап тастады. Артынша бұл видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен.
Оқиға тікелей эфир кезінде болған. Онда өзара әңгіме айтып отырған 3 жігіт жандарындағы столда отырған жігітке музыканың даусын ақырын қоюды өтінеді. Айтқанын құлағына ілмеген соң үшеудің біреуі орнынан атып тұрып, сөзге келместен ноутбукты сындырып, жерге лақтырып, таптап тастайды.
Желі қолданушылары кейіпкердің "Кешью" тобының әншілерін жақтырмайтынын жасыра жазып жатыр. Оған себеп, дәл сол кездегі әннің "Кешью" тобының репертуарындағы шығарма болуы. Ал кейбірі болса жігіттің "жындылығын" Төреғалиға ұқсатып жатты.