$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте кеше жоғалған 2,5 жасар сәбидің денесі табылды

Күні кеше Шымкентте жоғалып кеткен 2,5 жасар Әлинұр Ерболатұлы өзенге құлап кеткен. Оның денесін құтқарушылар бүгін сағат 10:00 шамасында Қарасу каналының Бадам өзеніне құяр тұсынан тапқан.

Еске салайық, Әлинұр 11 наурыз күні сағат 14:00 кезінде жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, оның отбасы бұл кезде беташарда болған. Анасының аяғы ауыр екен. Ол үйлкен баласына қарап қалып, Әлинұрды қызына жетектетіп, әкесіне жіберген екен. Алайда, кішкентай қыз інісін қоя беріп, ойнап кеткен көрінеді. Тойханадан шығып кеткен баланы сол күйі ешкім көрмеген.

Баланы іздеуге полицейлермен бірге құтқарушылар және ерікті азаматтар жұмылдырылды. Өкінішке қарай, сәбиді аман табу мүмкін болған жоқ. Ол мейрамхана маңында ағып жатқан каналға құлап кеткен. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары