$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанды су алып, тұрғындар далада қалды (ВИДЕО)

Еліміздің шығысында қатты дауыл тұрып, Шығыс Қазастанның 3 ауданын астан-кестен етті. Жауын соңы тасқынға ұласқан Аягөз, Ұлан, Глубокое аудандарының тұрғындары тентіреп, далада қалды.

«2018 жылдың 11 наурызында Аягөз ауданы әкімінің № 1-47 өкімімен Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды. 3 автокөлік, 5 жаяу жүргінші өткелі, 20 ға жуық тұрғын үйді еріген қар мен жауын шашын суы басып қалды. Қазіргі таңда, су басқан аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп, 400 адам, оның ішінде – 30 бала Аягөз қаласының қазақ мектеп лицейне, №6 орта мектеп интернатына және туыстарына орналастырылды. Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында, жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдай бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, теміржол мекемелері, ауданның коммуналдық мекемелерінің қызметкерлері және тұрғындар арасынан еріктілер, барлығы 200-ден астам адам, 11 арнайы техника, 20 автокөлік, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Зардап шеккендерге аудандық медицина қызметкерлерімен алғашқы көмек көрсетілуде. Төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, қаза болғандар жоқ, – деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аягөздіктерге еріктілер қаржылай әрі материалды көмек көрсетуді бастап кетті. Олар апаттан зрдап шеккендерді «Шоколад» кафесіне шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары