$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да монша қызметшісінің үш ұлы клиентті соққыға жығып, ақшасын тартып алған

Оқиға өткен жылдың қараша айында Сарыағаш ауданында болған екен. Алайда, полицейлер бұл туралы тек тергеу аяқталып, іс сотқа жолданғаннан кейін бір-ақ хабарлап отыр.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, моншаға келген ер адамды қызметші әйелдің үш ұлы жабылып ұрып, 170 мың теңгесін алып қойған екен. Жәбірленуші 50 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты, ол айтарлықтай дене жарақаттарын алған.

Жәбірленушінің айтуынша, моншада ол қызметші әйелмен жанжалдасып қалыпты. Сол сәтте әйелдің еңгезердей үш ұлы келіп, әй-шай жоқ, тепкінің астына алған. Істерін аяқтап болған соң олар ер азаматтың қалтасындағы 170 мың теңгені алып, оқиға орнынан кетіп қалыпты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1980, 1982 және 1992 жылы туылған жергілікті тұрғындар анықталып, ұсталды. Оларға үкімді енді сот кеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары