$ 494.87  520.65  4.91

Зорланды делінген 7 жасар баланың әжесі бейтаныс әйелдің нұсқауымен З.Балиеваға рахмет айтты (ВИДЕО)

Бір емес, бірнеше рет зорланды делінген сарыағаштық 7 жасар баланың әжесі видеоүндеу жариялап, баланың да, өзінің де жағдайлары жақсы екенін айтты. Сондай-ақ, ол ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа, балалар омбудсмені Зағипа Балиеваға, өзіне қорғаушы болып жүрген заңгерлерге және жағдайға бейжай қарамаған барша қазақстандықтарға алғысын айтты.

Алайда, кадр сыртындағы бейтаныс әйелдің дауысы әжейге не айту керектігін нұсқап тұрғанын анық естуге болады. Видеоролик Informburo.kz порталында жарияланған.

Кадрда зейнеткер зорланды делінген немересін алдына алып, теріс қаратып ұстап отыр. Ол баланың алдағы өмірі жақсы болатынын, оның Астанада ем қабылдайтынын айтып, барша қазақстандықтарға тыныштық тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары